Ұшақ Алматыға жетпей Шымкент әуежайына қонуға мәжбүр болған

265
Шымкент әуежайы
Шымкент әуежайы
Шымкент әуежайы

Анталиядан Алматыға бағыт алған ұшақ Шымкент әуежайына қонуға мәжбүр болды.

Бүгін 18-мамыр күні сағат 03.17-де Түркияның Анталия қаласынан ұшып шыққан «КОRЕNDОН» әуекомпаниясының Боинг-737-800 ұшағы техникалық себептерге байланысты жерге қонуға мәжбүр болған.

Ұшақ «Анталия-Алматы» бағытымен ұшқан болатын, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Әуе кемесінің бортында 156 жолаушы мен 8 экипаж мүшесі болған. Ұшақ 03.37-де Шымкент қаласының әуежайына қонды. Зардап шеккендер жоқ.