400 тонна қияр өсірді

фото Ашық дереккөз
Төленді Ермекбаев
Төленді Ермекбаев

Ордабасы ауданы, Ақбұлақ ауылында жылына 2 мың тонна өнім беретін жылыжай бар. Оған Төленді Ермекбаев басшылық етеді. Қияр өсірумен айналыса бастағанына көп уақыт бола қоймаса да, бұл кәсіптің қыр-сырын меңгеріп үлгерген кейіпкерімізбен оқырманды жақынырақ таныстырсақ.

«Аделя» ЖШС-і 2012 жылы өз иелігіндегі 5 гектар жылыжайға қияр егіп, әр гектардан 800 центнер, яғни, 400 тонна қияр жинады.

Төленді ағаның айтуынша, бүгінде мұнда қиярдың голландық «бұрхан» және «дерия» сорты өсіріледі. 2011 жылы ашылған жылыжайда өнім жыл он екі ай жиналады екен. Өйткені, жылына екі рет егілетін қияр ауыс-палы әдіспен отырғызылып, жыл бойы өнім береді. Алғашқы жылы-ақ 400 тоннаға дейін өнім жинаған диқандар, мұндай табысқа қол жеткізуге ауылшаруашылығы саласындағы жаңа технологиялар мен соңғы үлгідегі қондырғыларды пайдаланудың әсері мол болғанын айтады.

Төленді Ермекбаевтың шаруа қожалығы бұдан бөлек алма өсірумен де айналысады. 72 гектар жерді алып жатқан бақта алманың 3 сорты бар. Жылыжайға 70, алма бағына 12 адам тұрақты жұмысқа тартылыпты.

Ордабасы ауданы, Ақбұлақ ауылында жылына 2 мың тонна өнім беретін жылыжай бар
Ордабасы ауданы, Ақбұлақ ауылында жылына 2 мың тонна өнім беретін жылыжай бар

Қазір «Аделя» ЖШС мен франциялық компания арасында келісім-шарт жасалып, жаңа жылыжайдың құрылысын бастап та кеткен. 11 гектар аумақты алып жатқан жаңа жылыжай ашылса, қосымша жұмыс орны ашылатыны да сөзсіз. Ауылдың жұмыссыз жастарын шақырып отыр. Айтпақшы, жаңа жылыжайдың 5 гектарына — қызанақ, 5 гектарына қияр егуді жоспарлаған кәсіпкер, қысы-жазы дастарханымыздан көкөніс үзілмейді дейді.

Қияр өсірумен айналыса бастағанына көп уақыт бола қоймаса да, бұл кәсіптің қыр-сырын меңгеріп үлгерген кейіпкерімізбен оқырманды жақынырақ таныстырсақ
Қияр өсірумен айналыса бастағанына көп уақыт бола қоймаса да, бұл кәсіптің қыр-сырын меңгеріп үлгерген кейіпкерімізбен оқырманды жақынырақ таныстырсақ

Адал еңбегiнiң арқасында кәсiбiн дөңгелетiп отырған Төленді Ермекбаев ойындағы iзгi мақсатты жүзеге асыру үшiн жаңа жобаға бiлек сыбанып кіріскен. Істің көзін тапқан осындай кәсіпкерлер көп болса, ауыл-аймақта жұмыссыздық жойылған болар еді. Оның үстіне шетелден әкелінетін көкөніске тосқауыл қойылып, өз өнімімізді қысы-жазы тұтынған болар едік.

Айжан Ермекқызы