«А» корпусына іріктеудің екінші кезеңі аяқталды

298
Берік Бекжанов

«А» корпусына іректеудің екінші кезеңі аяқталды. Айта өтейік, 15-мамыр күні басталған іріктеуге оңтүстіктен 121 үміткер құжат тапсырған. Біліктілік талаптары сәйкес келмей 5 азамат тестілеуге жіберілмеген.

Берік Бекжанов
Берік Бекжанов

Ал 58 мемлекеттік қызметкер оң нәтиже алса, 48 азамат теріс нәтиже көрсеткен. Оң нәтижелі 58 мемлекеттік қызметкер өңірдің кадр комиссиясына кірсе, одан 5 үміткер сүрінген.

Әңгімелесу қорытындысы бойынша оң нәтижелі 52 азамат 4-маусым күні басталатын, ұлттық комиссияға жол тартпақ. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өткен баспасөз мәслихатында мемлекеттік қызмет істер агенттігінің өңірлік басшысы Берік Бекжанов, «А»корпусына оңтүстіктен тек 24 лауазым иесі ғана кіретінін мәлімдеді.

Берік Бекжанов, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық басқармасының басшысы: «Тестілеуден өтпеген төрт әкім лауазымдағы азаматтар бар. Сол орындар ваканттық болады. Яғни ол кадр резервінен болашақта тағайындалатын болады. «А» корпусына кадр резерві деген барлық өткен азаматтар тағайындалады деген мәселе емес. Сосын тестке қатысқан немесе көрсеткіші төмен болған мемлекеттік қызметкерлердің қызметіне қатысы жоқ».