Сыра маусымы басталды. Мұндайда сары суға сылқия тойып алып, рөлге отыратын жүргізушілердің қатары артады. Осыны ескерген жол сақшылары рейдттік бақылуға шықты. Құрыққа іліккендердің қатарында әкім де бар.
Сыраға тойып рөлге отырған азамат Қасқасу ауыл округінің әкімі Омар Жаңқалов болып шықты. Ленгір қаласында жол сақшыларының құрығына түскен ол әрине бұл қылығы үшін ұялады.
Жаз шыға көлікті масаң күйінде жүргізгендердің қатары көбейе түсетіні анық. Жол полицейлерінің арнайы рейдінен бөлек күнделікті тәртіп бұзғандар да жетерлік. Ал әкім басымен қара басып қолға түскен жағдай бірінші рет болып отырған жоқ.
Жол тәртібін бұзғандардың дені айыппұл төлейді. Артық кетсе жүргізуші куәлігінен айырылады. Рейдттік бақылау әлі де жалғасады. Мамандар көлік апатының алдын алу үшін рөлге масаң күйде отырмауын ескертеді ессіз жүргізушілерді.