Базарлар өрт қауіпсіздігі талаптарын сай жасақталмаған. Осыған орай қалалық ТЖБ мамандары қала аумағындағы 5 базардың өртке қарсы шараларын тексеріп, талапқа сай келмеген 3 базардың жұмысын тоқтату туралы экономикалық сотқа талап арыз берген-ді. Бүгін аталған басқарма мамандары «Автонұр» базарында болды.
Базарда жоспарлы тексерудің болатындығы жайында ТЖБ мамандары бір ай бұрын ескерту берілгенімен «Автонұр» базарындағы көрініс осы. Өрт сөндіру көліктері базар ішіне кіріп, су гидранттарына жете алмады. Базардағы күзетшілердің атойлап айқайлауының арқасында әупірімдеп орталық өткелден әрең өтті. Өрт бола қалғанда мұнда не болатындығын көз алдыңызға елестету қиын.
Өрт сөндіру көлігі сауда қатарларына кіріп шықанша осындағы сатушылардың да сатып алушылардың да берекелері кетіп құты қашты.
Базардағы былықты көре тұра бірінші мамырдан бастап, сауда орынының өрт қауіпсіздігіне жауаптылықты мойынына алғандар бізде бәрі тамаша деп көлгірсіді. Бірақ көз алдындағы бұрқыраған көк түтінді көрмейді.
Бүгінгі көріністі көріп өрт сөндіру көліктерін сауда қатарларынан еркін өткізе алмаған ТЖБ қызметкерлері бұл базардың басшыларына қатаң шара көрмек. Тіпті талап орындалмаса базардың жұмысын тоқтатуға дейін баратындықтарын ашық айтты. Себебі бұған дейін тексерілген «Южтранс», «Алтынорда» және муниципалды базарларды жабу туралы құжатар сотқа тапсырылған.
«Автонұр» базарындағы жоспарлы тексеру мұныменен шектелген жоқ. ТЖБ қызметкерлері базарды жан-жақты сараптаудан өткізеді. Себебі, бірнеше мыңдаған жерлестеріміздің мүлкі мен өмірі бар.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=-lmVHvypo_Y[/youtube]