Бала сатқан қос мейірбикеге үкім шықты

Сот өз қызметкерлерін дұрыс қадаламаған медицина мекемесінің басшысына шара қолдану үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығына ұсыныс жасады

Сәби сатып «мейірімділік» танытқан мейірбикелерге қатысты сот үкімін шығарды. Әл-Фараби аудандық сотында елдің есін алған масқара жағдайға нүкте қойылды.

Сот өз қызметкерлерін дұрыс қадаламаған медицина мекемесінің басшысына шара қолдану үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығына ұсыныс жасады
Сот өз қызметкерлерін дұрыс қадаламаған медицина мекемесінің басшысына шара қолдану үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығына ұсыныс жасады

Сот отырысындағы екі әйелдің де жасы 30-да. Олар Шымкенттегі №1 перзентхананың бұрынғы мейірбикелері. Медицина қызметкерелері бала сату бабы бойынша айыпталып жатыр. Есіңізде болса, осы жылдың қаңтар айында қос келіншектің жаңа туған шақалақты көк ақшаға пұлдап жатқан сәтін арнамыздан көрсеткен болатынбыз. Олардың бұл масқара әрекетін қаржы полицейлері дер кезінде анықтады.

Талғат Қахаров,  Әл-Фараби аудандық сотының судьясы: «Нәрестенің анасы Шымкент қаласының тұрғыны. Оның өзі жетімдер үйінің түлегі. Сондықтан келіншек өзінің тұрмыстық жағдайына байланысты баласынан бас тартқан. Ал мұны сотталушы екі әйел өз пайдасына шешпек болған».

Сот айыпталушыларды кінәлі деп тапты. Адам сатқаны үшін олар енді 8 жыл бойы түрмеде отырады. Әрі заттары да кәмпескеленеді. Ал саудаға түскен баладан ананың бас тартқаны себепті нәресте бөбектер үйіне жіберілді. Судья балалар үйінің жетекшілігіне де жауапкершілік жөнінде түсіндіруді ұмыт қалдырған жоқ.

Соттың шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ. Қайта шағым беруге айыпталушылардың 15 күн уақыты бар.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=1tAE6fjlv6M[/youtube]