Úı ANONS 400 мыңнан астам баланы мектепке дайындау үшін мемлекет қаржылай көмек көрсетеді

400 мыңнан астам баланы мектепке дайындау үшін мемлекет қаржылай көмек көрсетеді

400 мыңнан астам баланы мектепке дайындау үшін мемлекет қаржылай қолдау көрсетеді. Бұл туралы  Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев мәлімдеді. Балалар жылында Оқу-ағарту министрлігі «Жалпыға міндетті білім беру» қоры аясында оқушыларға көрсетілетін материалдық көмек ережелеріне өзгерістер енгізді.

«Бұған дейін арнайы санаттағы балаларды мектепке дайындау үшін мемлекет есебінен бөлінетін қаражат мөлшері 17-40 мың теңге аралығында болатын. Енді ең төменгі көмек — 37 389 теңге болады. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың ұсынысымен көмек көрсету тетігіне өзгерістер енгізілді. Енді ақша ата-аналардың шотына тікелей аударылады. Бұған дейін қажетті заттарды әкімдіктер сатып алатын.

Министрлік өкілінің мәліметінше, биыл атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, сондай-ақ АӘК алмайтын, бірақ орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балаларына материалдық көмек көрсетіледі. Жаңа оқу жылы қарсаңында жетімдер үйінің тәрбиленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және төтенше жағдайға тап оқушыларға да материалдық көмек көрсетілетінін жеткізді.

Шынар Оразова