Дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

404
Түркістан, ІІД 2013 жыл

 

Түркістан, ІІД 2013 жыл
Түркістан, ІІД 2013 жыл

Түркістан қаласында орталық аурухананың екі бірдей дәрігердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оларға бес жасар бүлдіршіннің мүгедек болуына сеп болған деген айып тағылып отыр. Айта өтейік, өткен жылы Аружан Біржанқызы жол апатына түсіп, қалалық ауруханаға түскен. Ондағы хирург дәрігерлер болса науқасқа тиісті дәрежеде көмек көрсетпей, жеткіншектің қолы жарамсыз боп қалды.

Балабақшадан келе жатқан Аружанды көшеде жедел жәрдем көлігі қағып кеткен. Көліктің қатты келе жатқаны соншалық, бүлдіршінді сегіз метр жерге дейін сүйреп кетіпті. Абырой болғанда Аружан аман қалды. Алайда дәрігерлердің немқұрайды әрекеттерінен мүгедектік күйге түсіп отыр.

Бүлдіршіннің ата-анасы бұған орталық аурухананың дәрігерлерін кінәлайды. Олар баланың жарақатын дұрыс емдемеген. Соның салдарынан таңылған қолы бес күн ішінде іріңдеп кетті дейді. Осыдан кейін Аружанды өзге клиникаға алып барған. Ондағы дәрігерлер тағы бір күн кешіккенде қызыңыз қолсыз қалатын еді депті. 

ЗАКИРА ҚАЗИЕВА, БҮЛДІРШІННІҢ ӘЖЕСІ: «Қолындағы тастарды, шишаларды алмаған. Перевязка дұрыс жасалынбаған. Соның кесірінен қолы іріңдеп, заражение болып кеткен. Сол заражение болғанның салдарынан бес рет наркоз алдық».

Осыдан кейін Аружанға екі рет ота жасалған. Дәрігерлер қолын сақтап қалғанымен оны еш қимылдата алмайды. Алтыға келген ол қазір жазу мен сызуды сол қолымен үйренуге мәжбүр.

АРУЖАН БІРЖАНҚЫЗЫ: «Мектепке барғым келеді. Қолым жазылып кетсе екен деп армандаймын. Дәрігер болғым келеді».

Аружанның туыстары әділдік іздеп бармаған жеріміз жоқ дейді. Жедел жәрдем жүргізушісі де, дәрігерлер де жазаланбағанын айтады. Тіпті жол көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс те қозғалмаған. Бірақ, қызды қаққан жүргізуші екі айдан соң басқа жол апатынан қайтыс болады. Ал дәрігерлер сол күйі жұмыс істеп жүр.

ХАМЗА ДОСЖАНОВ — ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Дәрігеріміз жас маман болғандықтан өңдеу барысында кемшіліктер жібергені анықталды. -Бірақ тас, стекло деген қалған емес. Өйткені көре тұра ондай кемшілік жібере алмайды.

Осы оқиғаға байланысты қайта тексеріс жұргізген прокурорлар, дәрігерлердің тиісті ем-дом шараларын да жасамағанын анықтапты. Соның салдарынан жарақаттың іріңдеуі тереңдеп, қолдың қимылсыз қалуына әкеп соққан.

АРТЫҚБЕК ПАШАЕВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ: Осы сараптаманың қортындысына сәйкес біз ҚР қылмыстық кодексінің 114 бабының бірінші тармағымен кінәлі дәрігерлерге қылмыстық іс қозғадық. Қазір ішкі істер басқармасында тергеу сатысында».

Қазір Аружан тек туыстарының бақылауында. Дәрігерлер оған шетелдік мамандардың көмегімен толық емделуіне болады деп отыр. Бірақ оған қомақты қаражат керек.

 [youtube]http://www.youtube.com/watch?v=G5j9CG2LqXw[/youtube]