Түлкібас ауданында қайғылы жағдай орын алды. Сәрсенбі күні кешке қарай Дауан ауылында Камаз көлігі мектептің жанынан өтіп жатқанда борттан шығып тұрған көліктің тросы төбедегі құбырды іліп кеткен. Салдарынан құбыр жүк көлігінің кабинасын басып қалып, жүргізуші мерт болды.
Бұл туралы Түлкібас аудандық төтенше жағдай басқармасының кезекшілері арнамыздың тілшісіне телефон арқылы хабарлады. Жүргізуші — 24 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан. Қазір осы қайғылы жағдайға байланысты тексеру жүргізілуде.