Евро-5 КамАЗ жүк көлігі Шымкентте де сатылуда Компания жаңалығы 

Евро-5 КамАЗ жүк көлігі Шымкентте де сатылуда

Мерседес бөлшектері бар КамАЗ-ды енді Шымкентте де сатып алуға болады. Ресми дилер жүк техникасын қолжетімді бағамен ұсынуда. Бұған қоса төмен пайызды лизинг те бар. Евро-5 сапасындағы Камаз 5490 жүк көлігі — алып күштің иесі. Бұл техника қазіргі таңда тек Қазақстан ғана емес, ТМД елдері аумағында да мол сұранысқа ие болып тұр. Камаз Мерседес маркасының қозғалтқышымен жабдықталған. Жүргізушілер мен техниканың тілін білетіндер өз арасында бұл көлікті автопойыз деп те атайды. Себебі, алып техника 23 тонна жүкті алып жүре алады. Мамут Алимов, «КАМАЗ Евро Сервис» ЖШС директоры: «Біз осы уақытқа дейін бірнеше…

Read More
Оқыс оқиға 

Жоғарғы кернеулі тоқ екі адамның өмірін қиды

Шымкентте қайғылы жағдай орын алды. Соның салдарынан екі адам мерт болды. Рысқұлов даңғылының бойында, жанармай бекетінің қасында жүк көлігі жанып кетті. КамАЗ жүргізушісі жекеменшік учаскеге тас төгіп жатқан кезде көліктің темір борты жоғары кернеулі электр желісіне тиіп кеткен. Соның салдарынан жүк көлігі өртеніп, жүргізуші мен кабинада отырған тағы бір адамды қуатты тоқ ұрады. Соның кесірінен жүргізуші мерт болды. Ал екінші жұмысшыны куәгерлер шұңқырға жатқызып, балшықпен көміп тастағанымен, оқиға орнына келген дәрігерлер оның да көз жұмғанын айтты. Қазір оқиға орнында Абай аудандық прокуратура және полиция бөлімінің қызметкерлері жұмыс жасап жатыр. Әбутәліп Мұстафаев,…

Read More
Халық жаңалығы 

Шымкентте жаңа КамАЗ сатылуда

Шымкентте Евро 5 стандартына сай келетін жаңа «КамАЗ» жүк көлігінің таныстырылуы өтті. Әмбебап көлік әлемдік деңгейдегі осы типті техникалардан қалыс қалмайды. Жүк көлігінің ерекшелігі сол, кабинасының іші қолайлы. Қалааралық, керек десеңіз, халықаралық сарапға шығуға болады. Жаңа «КамАЗ» жүк көлігі жүргізушілердің талаптарына сәйкестендіріліп жасалыпты. Яғни, толық электрмен жабдықталған, екі қатарлы тынығатын орны бар. Жолда зерікпес үшін соңғы технологиялы әуен құрылғысы тағы бар. «КамАЗ Евросервис» компаниясы сауда нарығында 15 жыл бойы табысты жұмыс жасап келеді. Қызылорда, Жамбыл, сондай-ақ ,Оңтүстік Қазақстан облыстарында сервистік орталығы бар бірегей компания. Көліктерді тек сатып қана қоймайтын орталық…

Read More
Оқыс оқиға 

КамАЗ үйдің қоршауын қиратты

Өткен тәулікте Шымкент қаласы бойынша 5 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 5 адам зардап шекті. Осында келеңсіз жағдайдың бірі Қапал батыр көшесінде орын алды. Мұнда күн батқан сәтте КамАздың жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған.  Соның салдарынан жүк көлігі үйдің қоршауын бұзып кетті. Абырой болғанда көлік жүргізушісі де, үйдің тұрғындары да жарақат алған жоқ. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп жетті. Олардың алдын ала болжамынша, жүргізуші мұзда жылдамдығын асырып жіберген немесе рөлді басқарып отырып қалғып кеткен болуы мүмкін.   Жүргізушінің өзі бір сөзінде «көзім ілініп кетті» деп қалды. Көлік пен үйдің қоршауы…

Read More
Оқыс оқиға 

Камаз бен автобус соғысты

Шымкентте Бәйдібек би және Қуаныш Төлеметов көшелерінің қиылысында жолаушы автобусы, жеңіл автокөлік және Камаз жүк көлігі соғысты. Оқиға дендрарий бағының тұсында орын алған. Куәгерлердің айтуынша, қиылыста бұрылып жатқан автобустың жолын жүк көлігі кесіп өткен.  Салдарынан үш бірдей автокөлік жол апатына үшырап, бірнеше адам жеңіл жарақат алды. Оқиға орнына жеткен жәдел жәрдем қызметі екі адамды ауруханаға алып кетті деген мәлімет бар. Әзірге олардың жағдайы белгісіз. Айта кетейік, оқиға жол ортасында және бағдаршамның жұмыс істеп жұрған кезінде орын алған.

Read More
Оқыс оқиға 

Тал түсте КамАЗ аударылды (видео)

Шымкентте жүк көлігі жол апатына ұшырады. Қаладағы теміржол вокзалы маңындағы айналма жолда КамАЗ жүк көлігі аударылып кеткен. Бұл оқиға түс ауа, шамамен сағат 16-дан асқанда орын алды.   Қапал батыр көшесі жақтан келе жатқан КамАЗ айналма жолдан бұрыла бергенде аударылып кетіпті. Абырой болғанда адамдардың ешқайсысы жарақат алған жоқ. Кабинада жүргізуші мен жас бала болған дейді сол маңдағы адамдар. Құдай сақтағанда, олар дін аман. Ересек кісі көліктің алдыңғы терезесін теуіп, сыртқа шыққан деседі. Оларға дәрігерлердің көмегі қажет болмаған. Бір айта кетерлігі, көлік құлаған жақтағы жолдың шетінде бірнеше көлік тұрған. Бірақ, тіркеме…

Read More