Кеңес Одағының батыры Сабыр Рақымов ел есінде

749
Кеңес Одағының бастыры, Генерал Сабыр Рахымов ескерткіші "Жеңіс" саябағының кіре берісінде орналасқан

 

Кеңес Одағының бастыры, Генерал Сабыр Рахымов ескерткіші "Жеңіс" саябағының кіре берісінде орналасқан
Кеңес Одағының бастыры, Генерал Сабыр Рахымов ескерткіші «Жеңіс» саябағының кіре берісінде орналасқан

Жеңіс күніне арналған мерекелік шаралар бұл жолы Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рақымовтың ерлігіне тағзым етуден басталды. Батырдың ғұмыры ел тарихындағы елеулі оқиғалармен астасып жатыр. Бакудегі әскери училищені бітірген жылы Самарқандағы атты әскерлер дивизиясында взвод, эскадрон командирі болған да осы қазақтың қахарман жігіті болатын. Полк, дивизияны басқарған қолбасшы 1941 жылдың өзінде жау қоршауын бұзып, тайсалмас мінезін көрсете білді. Сол жылы ол полковник шенін алады. Оңтүстік Қазақстанның тумасын елі құрмет тұтады.  

Владислав Русанов, Өзбекстанның еңбек сіңірген сәулетшісі: «Біз қуаныштымыз. Қазақстан халқы батырларын ұмытпай , құрмет көрсетуде. САбыр Рақымовтың қоладан ескерткіші туған жерінде бой көтергені құптарлық іс. Батыр баршамызға ортақ. Кемеңгер қолбасшы болған Сабыр Рақымовтың қайсарлығы ешқашанда ұмытылмас. Өскелең ұрпаққа батырдың ерлігі үлгі».

Сабыр Омарұлының ескерткіші Жеңіс саябағында бір жыл бұрын орнатылды. Саябақтың көркін ашып тұрған да осы нысан. Белоруссияны, Польшаны азат етуге қатысқан батыр көптеген орден, медальдармен марапатталып, 1965 жылы Кеңес Одағының батыры атанды.