ҰОС ардагерлері 1 млн. 242 мың теңгеден алады

56
фото 7күн

 Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы шешімі негізінде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 360 АЕК көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек төленеді. 9-мамыр Жеңіс күні қарсаңында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан ардагерлер есеп шоттарына 1 242 000 теңгеден аударылады.

Сондай-ақ жергілікті майдангерлерге коммуналдық қызметтер төлеміне жеңілдіктер берілген. Ардагерлерге кезектен тыс санаторлық-курорттық емделуге жолдама беріледі.
 Сонымен қатар мереке қарсаңында мәслихат шешіміне сай тыл ардагерлеріне 12 АЕК немесе 41 400 теңгеден төленеді. Қалада бүгінде 3 ҰОС ардагері және 2183 тыл ардагері, 87 279 зейнеткер тұрады.