Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2013 жылғы 16 мамырдағы өкімімен (Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2013 жылғы 16 мамырдағы №42-23.266 келісімі негізге алына отырып) облыс әкімінің орынбасары Болатбек Нажметдинұлы қызметінен босатылды.
Естеріңізге сала кетер болсақ, газетіміздің өткен нөмірінде ОҚО автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының бастығы Ә.Рабаев-тың үстінен қыл-мыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқан-дығын айтқанбыз. Бұл басқарманың жұмысын бақылау, үйлестіру ісіне Болатбек Нажметдинұлы жауапты болатын. Сонымен бірге Б.Нажметдинұлының құзыретіндегі құрылыс басқармасы бастығының орынбасары Альмира Орманчина да кешегі аптада өз еркімен қызметтен кету жөнінде өтініш берді. Айта кетейік, Альмира Маратқызы бұған дейін осы басқарманы басқарған білікті мамандардың бірі еді. Оның да аяқ астынан қызметтен кетуін сан-саққа жүгіртіп жүргендер бар.
Ел аузындағы тағы бір кадрлық өзгеріс ол Шымкент қаласының әкімі Қайрат Молдасейітовке байланысты. «Әкім кетіп қапты» деген сөзді ресми орган «Молдасейітов денсаулығына байланысты демалыста жүр, қызметінен босатылу туралы әлі бұйрық жоқ» деп отыр.