ОҚО құрылыс басқармасы бастығының орынбасары Альмира Орманчина

 

ОҚО құрылыс басқармасы бастығының орынбасары Альмира Орманчина
ОҚО құрылыс басқармасы бастығының орынбасары Альмира Орманчина

ОҚО құрылыс басқармасы бастығының орынбасары 6 млн теңге көлемінде пара алды деген күдік бар.

Бұл ақпаратты республикалық экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің баспасөз қызметі таратты. Қаржы полициясы басқарма бастығының орынбасары Альмира Орманчинаның үстінен мамырдың 23-іне қылмыстық іс қозғаған.

Шенеунікке 24 сәуір мен 3 мамыр аралығында тұтыну кооперативі төрағасынан үш емхана және 1 мектептің құрылысына қажетті жобалау-сметалық құжаттарын мемлекеттік сатып алу конкурсына даярлап, ұтқызу үшін қомақты қаржы бопсалаған деген күдікпен айыпталып отыр.

Қазір оған қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесі қаралып жатыр.