Шенеуніктерден кейінгі парақорлар білім саласының қызметкерлері
Шенеуніктерден кейінгі парақорлар білім саласының қызметкерлері
Шенеуніктерден кейінгі парақорлар білім саласының қызметкерлері

Жемқорлыққа жол беріп, пара алуда көш бастап тұрған – мемлекеттік қызметкерлер. Бұл ақпарды қаржы полицейлері жариялады. Жыл басынан бері сыбайластыққа жол берген өзін-өзі басқару органдарының қызметкерлеріне 60 іс қозғалған. Онан кейінгі саланы білім саласының «майталмандары» бастап тұр.

Көк ақшаны «көрсетпей» алуда шенеуніктердің араны ашылып барады. Қаржы полицейлері облыстағы ең жемқор саланы жариялады. Ол өзімізге қызмет етуі тиіс – мемлекеттік қызметкерлер. Қара тізімге үңілсек, 60 қылмыстық іс әкімдік қызметкерлерінің үстінен қозғалған.

Жеңіл жолмен қаржы қымқыруды әкімдік өкілдері жақсы көреді. Осылай деп қаржы полицейлері ағынан жарылғанымен мұнымен шенділердің өзі үзілді-кесілді келіспейді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің оңтүстіктегі департамент басшыларының сөзінше, шенеуніктердің шикілікке тап болуы қасақана емес, жай ғана олардың кейбірінің заңды білмейтіні себеп екен.

Ия, бес саусақ бірдей емес. Десе де, мемлекеттік қызметкерлерге қатысты жыл басынан бері анықталған 60 сыбайлас жемқорлықтың бұл белгілісі ғана. Белгісізі, мұндай жемқор халық қызметкерлерін жұмысқа алып жатқан кім? Және олардың артында кім тұр? Бұл сұраққа абыройлы агенттіктің өкілі де жауап бере алған жоқ. Тіпті, Қуандық Оразбаев басқару органдарына қатысты қозғалған 60 іс туралы ақпардан да хабарсыз болып шықты. Айтуынша, жыл басынан бері 5 шендіге тәртіпсіздігі үшін тәртіптік жаза қолданылған.