Оқушылар қуаныш сыйлады

Жастар алдымен бүлдіршіндерді өзіне жақындату үшін өздері сүйіп ойнайтын пойыз ойынын ойнады

«Кішкентай досыңа қуаныш сыйла!» Дәл осындай ұранмен №8 гимназия мектебінің еріктілері облыстық бөбектер үйіне жол тартты. Көктемдегі мейірімділік аптасы аясында олар тастанды балаларға қуаныш сыйлауды ұйғарыпты.

Автобус жалдаған оқушылар кешқұрым сағат 17-00-де қала сыртындағы дендробаққа бағытталды
Әрқайсысының бір-бір бөбектен алып, онымен жақынырақ танысуына мүмкіндік болды
Жоғары сынып оқушылар(7-10 сынып)-еріктілерінің қатысуымен өткен шара «ОҚО «Интеллект» экононмикалық және азаматтық білім беру орталығы» ҚБ және Тұрысбеков қорының қолдауымен ұйымдастырылды
15 бозбала мен бойжеткен 15 үш жастан 4 жасқа дейінгі бүлдіршінді бір кеш жалғызсыратпауға тырысты
Жасөспірімдер бөбектермен кездесер күнді асыға күткенін жеткізді
Жастар алдымен бүлдіршіндерді өзіне жақындату үшін өздері сүйіп ойнайтын пойыз ойынын ойнады
Табиғи қабілетін ашуға бағытталған дамыту ойындары мен түрлі жаттығу жасау ұйымдастырушылардың жоспарында бар
Облыстық бөбектер үйінде бүгінгі таңда 74 бала бар екен. Барлығы үш жасқа дейінгі бүлдіршіндер
Өкінішке орай, бөбектер үйіндегі баланың 28-і мүгедек

 

Антонина есімді үшемнің сыңарына қуаныш сыйлаймын деген №8 мектептің оқушысы болашақта ана болу бақыты бұйырса, ешқашан баламды тастмаймын дейді
Бір ғимаратта отыратын бөбектерге адамдармен қарым-қатынас қажет деп есептейді жас толқы

 

16-мамыр 2013 жыл Осындай акция арқылы жастар да, бөбектер де өмірді, адамды сүюге үйренеді
Бөбектердің көбі сөйлей алмаса да, аға-әпкелерімен ойнағанға мәз-мәйрам болды
Балаларды ойнатуға ойыншықтар, көркемдік құралдар әзірлеп келген. Алдымен бөбектерге «бауырсақ» ертегісі көрсетілді. Әртістер оқушылардың өздері
Бағдарламада театрланған көрсетілімдер, дендробақ ішінде экскурсия, интерактивті сабақтар, ой өрісін дамытар ойындар ойналды
Балалар үйінің бүлдіршіндеріне қуаныш сыйлаймын десеңіз, 8 (7252)51 35 07 телефон нөміріне хабарласыңыз. Ал бүгінгі серуен дендросаябақта өтті. Соңы тәтті шәй мен концертпен жалғасты

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=SatzNQfMWfE[/youtube]