Оңтүстіктің археологтары алтынның үлкен қорын тапты

Оңтүстіктің археологтары алтын қазынасын тапты

Оңтүстіктің археологтары олжаға тап болды. Сайрам ауылындағы қазба жұмыстары кезінде алтын мен күміс бұйымдар табылды. Мамандар бұл шамамен ортаға ғасырдың ескерткіштері деп отыр. Қазақ тарихы үшін маңызы бар жағымды жаңалықты зерттеушілер тілшілермен бөлісті.

Археологтар табылған монша орнының өте ежелгі екенін болжап отыр
Археологтар табылған монша орнының өте ежелгі екенін болжап отыр

Сайрамның Қазақ хандығына кірген кезеңіндегі куәгер ескерткіштерден қалған осы аймақ. Көктен тілегенін жерден тапқан біздің археологтар мұндағы әрбір топырақты асқан ұқыптылықпен елеп, зерттеп жүр. Нәтиже көңіл қуантар. Ежелгі монша орны анықталып, 2600-ден аса күміс теңгелер жиналды. Ең бастысы, алтынның үлкен қорын тапты тарихшыларымыз.

Бауыржан БАЙТАНАЕВ, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының директоры: Бұл қазына археологиялық тұрғыда табылған тұңғыш алтын қазына болып отыр. Қазынада неше түрлі білезік, моншақ, сырғалар, алтын бұйымдар бар. Мұның уақытын біз шамамен 10-16 ғасырда жасалған деп айта аламыз».

Бұл олжа кенеттен табылды. 2011 жылы Сайрам ауданына жекелей жұмыстарымен барған археолог Бауыржан Байтанаев аудандағы Сайрам ауылының осы тұсынан сауда орнының салынып жатқанына куә болады. Тарихи орынның үстіне салынып жатқан нысанды тоқтатамын деп тарих жанашыры сол кезде біраз қызылкеңірдек болған. Археологтың талап-тілегін біздің арна да халыққа көрсеткен.

Оңтүстіктің археологтары алтын қазынасын тапты
Оңтүстіктің археологтары алтын қазынасын тапты

Сөйтсек, Б.Байтанаев бекерге тер төкпепті. Табылған заттар еңбектің еш кетпегенінің айғағы. Тарихи болжамынша, орта ғасырдағы Қазақ хандығының экономикалық һәм тарихи жағдайын түпкілікті анықтауға осы мұралар көмек бермек. Ал теңгелердің қайда соғылғаны және кімдер соққаны сияқты сұрақтарға жауапты алдағы бір жылдың көлемінде нумизматтармен бірге жауап береміз дейді.

 

 

 

 

 

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=izrGFlrUkwQ[/youtube]