басқарманың ғимараты

Облыстық прокуратурасы облыстық мұрағат директоры қамауға алынды деген ақпарат таратты. Оған лауазымды қызметті атқара отырып, сыбайлас жемқорлыққа жол берген деген айып тағылып отыр.

мұрағаттан алынған сурет
мұрағаттан алынған сурет

Яғни облыстық мұрағат директоры бола тұра жерге қатысты құжаттарды өз бетінше өзгертіп, тұрғындарға жалған анықтамалар берген. Мемлекеттік қызметкер бұл былыққа тек өзі емес, сондай-ақ заңгер, бөлім мамандарын да мәжбүрлеп тартқаны белгілі болды. Нәтижесінде мемлекетке бес жарым миллион теңгеге жуық залал келген.

Бақытбек Нарғозиев, ОҚО прокурорының көмекшісі: «Облыстың мұрағаттың директоры М деген азамат Тассай ауылдық-округінің  2006 жылғы бумаға тігіліп қойған жерге қатысты шешімдерінің көшірмелерін түсіртіп, олардың жалған екенін біле тұра  анықтама түзіп, жер иелеріне таратып берген».