Бәйдібек ауданына жаңа прокурор тағайындалды

554

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 4 маусым 2018 жылғы бұйрығымен Әділ Əбдіқадырұлы Кәрім Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының прокуроры қызметіне тағайындалды.

Ә.Кәрім 10 қараша 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында туылған, білімі жоғары, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Сыныптық шені – кіші әділет кеңесшісі. Соңғы қызмет орны – Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуроры. Алдағы қызметіне сәттілік тілейміз!