29-сәуір күні ОҚО әкімі Асқар Мырзахметовтың жетекшілігімен облыстың бірқатар кәсіпкерлері Еуропа мемлекеттеріне сапарын бастады. Алдымен Штутгарт (Германия) қаласындағы Баден-Вюртемберг федералды жерінің қаржы және экономика министрлігінің ғимаратында екі ел өкілдері дөңгелек үстелде бас қосты.
Сапар барысында қазақстандық делегация мен Германияның бірқатар ірі кәсіпкерлері арасында кездесулер жүргізіліп, ведомствоаралық және коммерциялық мақсаттағы құжаттарға қол қойылды.
Бизнес-сапардың басты мақсаты – ОҚО мен Баден-Вюртемберг федералды жерінің арасындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту.
/Баден-Вюртемберг — экономикасы ерекше дамыған өңір. Себебі әлемге танымал «Даймлер», «Бош», «Порше», «Елба-Мерк», «IBM» сияқты кәсіпорындар осы аумақта орналасқан. Сонымен қатар «Мерседес-Бенцтің» штаб пәтері де Штутгарт қаласынан орын тепкен. Жұмыссыздар саны да аз. Айта кету керек,Ваден-Вютемберг федералды жері қуат көздерін үнемдеу, энергия тиімділігін арттыру мен қалпына келтіру, білім жүйесіндегі ғылыми-зерттеу салалары бойынша жалпы Германияда екінші орында. Еуродақта инновациялық өңір ретінде танымал. Халқының саны 600 мыңнан асып жығылады./
Жиын барысында екі өңірдің инновациялық мүмкіндіктері таныстырылып, ауылшаруашылығы мен жеңіл өнеркәсіп, машина жасау және қуат көздерін үнемдеу мен қалпына келтіру салалары бойынша В2В кездесу ұйымдастырылды.
Сонымен қатар осы кездесуде ОҚО мен Баден-Вютемберг жерінің кәсіпкерлері өндірістегі қалдықтарды қайта өңідеу және жол салудың жаңа технологиясы енгізу бойынша серіктестік туралы ведомствоаралық меморандумдарға қол қойды.
Содан кейін Асқар Исабекұлы Баден-Вютемберг федералды жерінің сыртқы қатынастар министрі Петер Фридрихпен кездесті. Екі өңір басшысы екіжақты қарым-қатынастарды жандандырудың болашақ жұмыстарын талқылады. Тілге тиек болған тағы бір тақырып кадр даярлау мәселесі болды. Шыны керек жастарды салалық мамандыққа оқытып үздік маман дайындау бүгінде күн тәртібіндегі мәселе. Осы ретте айта кеткен жөн бұл өңірде 9 университет, 39 мамандандырылған жоғарғы оқу орыны, 130-ға жуық ғылыми-зерттеу мекемесі бар. Ал Хейдельберг и Тюбинген университеттері Еуропадағы ең ескі университеттер қатарында. Сондықтан жаңа технологияны еркін меңгерген кадр даярлау тереңінен талқыланды.
Одан кейін облыс әкімі ауылшаруашылығы мен логистика салаларында үздік атанып жүрген неміс компанияларының өкілдерімен кездесті. Жиында негізінен оңтүстіктен Германияға экологиялық таза ауылшаруашылық өнімдерін экспорттау мәселесі сөз болды. Сонымен қатар Шымкентте салынатын сауда-логистикалық орталықтың құрлысын жандандыру туралы да әңгіме өрбіді.
30-сәуірде ОҚО делегациясы бірқатар неміс шаруа қожалықтарын аралады. Әсіресе қымыз бен шұбаттан әр түрлі өнім өндіретін Зольсман жылқы фермасына арнайы тоқтады. Бүгінде аталған шаруа қожалығы жылқы мен түйе сүтінің ұнтақталған түрі шығарады. Сонымен қатар сан алуан косметикалық өнімдерді де өндіреді. Иновациялық технологияны шикізатқа бай Қазақстанға әкелу және жаңа жоба бойынша өнім өндіру жайы талқыланды. Және құрам жаңармалы энергия көздерін өндіретін комания басшыларымен кездесті. Шара барысында «Шымкент-Инновация» ЖШС мен «Промондис» компаниясы арасында 20 мгВттық ФЭС құрлысын бірлесіп салу бойынша келісім шартқа қол қойлыды.
Айта кету керек, ОҚО әкімшілігі мен «Шымкент Инновация» ЖШС-нің ұйымдастыруымен өтетін бизнес-сапар 29-суәр мен 3 мамыр аралығын қамтиды. Облысымыздың белді кәсіпкерлері Еуропаның бірнеше мемлекеттерін аралайды. Аталған шара Германия, Швейцария, Италия елдерімен экономикалық байланысты арттыруға және жаңа жобаларда тәжірбие алмасуға бағытталған.