Шымкентте «Қауіпсіз жол» операциясы өтіп жатыр. Оған облыстық ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасының жеке батальоны тұтас жұмылдырылған. Басты мақсат — әсіресе түн ішінде жиі болатын жол жүру ережесін өрскел бұзу фактілерінің алдын алу.
Рейд барысында қауіпсіздік белбеуін тағынбаған, жаяу жүргіншілерге жол бермеген жүргізушілер анықталды. Жалпы, ұзын-саны 40 жүргізушінің үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 10 автокөлік ақылы айып тұрағына жеткізілді. Тәртіп сақшылары қаланың бірнеше нүктесінде қатарынан кезекшілікте тұрды. Соның бірінде, Республика даңғылының бойында тұрған жол сақшыларына шұғыл көмек қажет болып қалды. Инспекторлардың айтуынша, көліктің ішінде отырған мас жолаушы боғауыз сөзді боратып жатыр. Ал жас жігіт «тәртіп сақшылары дөрекі сөйледі» деп бет бақтырмайды. Соңында бұл жүргізушінің үстінен де әкімшілік хаттама толтырылды.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=jQ0w2j0CMjY[/youtube]