Түркістанда екі күнде 6,2 млн теңгенің заңсыз темекі мен алкоголь өнімдері анықталды

126

Түркістан облысында небәрі екі күнде сауда нүктелерінен 6,2 млн теңгенің заңсыз алкоголь мен темекі өнімдері тәркіленген.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, аталған заңбұзушылықтар 4-5 сәуірде Созақ, Ордабасы және Түлкібас ауданында жүргізілген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде анықтады. Оның ішінде:

– тауарларға арналған ілеспе жүк құжаттарсыз, тиісті лицензиясыз сақтаған 5,7 мың бөтелке, құны 4,4 млн теңге әр түрлі атаудағы алкоголь өнімдері;

– сәйкестендіру құралдарымен таңбаланбаған 5,2 мың қорап, құны 1,8 млн теңге, «Оris», «Oscar», «Zumerret», «Mondeo» маркалы темекі өнімдері анықталған.

«Аталған фактілер бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463, 283, 283-1 баптары бойынша әкімшілік іс-құжаттар жинақталып, сотқа жолданды. Салық төлеушілерге құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар тәркіленіп, 50-ден 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін айыппұл салынады» делінген ведомство мәліметінде.

(Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті)