Республикалық студенттер Универсиадасы жалауын көтерді

388
Жасыл алаңдағы бұл жастар замандастарын спортпен шұғылдануға шақыруда
Республикалық Универсиаданың ашылу салтанатына жүздеген жас белсене ат салысты
Республикалық Универсиаданың ашылу салтанатына жүздеген жас белсене ат салысты 

Өткен аптада Республикалық Универсиаданың жалауы Шымкентте көтерілді. Универсиада тарихында алғаш рет бұл байрақты доданың ашылу салтанаты Шым қалаға жоспарланған. Жалауы орталық стадионмен алып өтіліп, VII-інші жазғы студенттер универсиадасының алауы да тұтанды. Бәсеке спорттың 31 түрінен еліміздің әр қаласында өтеді. Оның жетеуі оңтүстікке жоспарланған. Бұл күндері оқ ату спорт түрімен, бокстан дода Шымкентте өтті. Былғары қолғап шеберлерінің бес күндік кездесулерінің нәтижесінде ОҚМУ студенттері бірінші орынды еншіледі. Ал футболдан қыздар арасында жерлестеріміз топты жара білді. Сондай-ақ, грек рим күресінен де жарыс аяқталып, чемпиондар анықталды.оңтүстік палуандары екі рет жеңіс тұғырына көтеріліп, командалық есепте екінші орынды қанағати етті.

Жарыс барысында 30-дан астам жоғары оқу орындарының жастары спорттық додаларда медальдар үшін таласқа түсуде. Олардың арасында Шымкенттің студенттері де бар. Бұл дода бүкіләлемдік универсиадаға іріктеу. Чемпиондар ұлттық құрамадан өз орнын тауып, биыл Казаньда өтетін байрақты жарыста ептілігін сынға салатын болады.

Еліміздің барлық жоғары оқу орындарынан студенттер жиналды
Бұл Студенттер Универсиаданың туы
Универсиада алауы жағылып, бәсеке ресми ашық деп жарияланды
Аспанға ұшқан шарлар жарысқа қатысушыларға да биіктен көрінсін дегенді білдіргендей
Жасыл алаңдағы бұл жастар замандастарын спортпен шұғылдануға шақыруда
Футбол да Универсиаданың аясында өтуі тиіс спорт түрлерінің бірі
Универсиада споррттың 31 түрін қамтиды

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=tXbdP63wePA[/youtube]