«Сайрам-Өгем» ұлттық саябағы табиғатты қорғау акциясын аяқтады

Жеңісбек Тұрғанов - ұлттық парктің директоры

«Сайрам-Өгем» ұлттық паркі ұйымдастырған арнайы акция бүгін мәресіне жетті. Наурызда басталған шара 2 айға жалғасып, Төлеби ауданына қарасты білім ордаларының оқушыларын сыннан өткізді.  Акцияның басты мақсаты — табиғатты қорғау.

Бағлан Өскенбай
Бағлан Өскенбай

Бағлан Өскенбайдың сүйікті ісі — әрбір құсқа ұя сыйлау. 10 сынып оқушысының пайымынша, адамзат баласы қоршаған ортаны қорғап, сақтаса ғана табиғат тепе-теңдігін жоғалтпайды. Бүгін ол сыныптастарымен бірге жасаған құс ұяларын Сайрам-Өгем ұлттық саябағының қос қанаттыларына сыйлады.

Ал бұл кезде Гүлмарал Орынбасар туған өлкенің табиғатын таза параққа бедерлеп жатыр еді. Сурет салуды жаны сүйетін бойжеткен қанық бояуды қолдану арқылы, қиялындағы пейзаж бен көз алдындағы ғажапты үндестірмек. Бұйыртса, бүгінгі акциядан жүлделі болу ойы да бар.

Жеңісбек Тұрғанов - ұлттық парктің директоры
Жеңісбек Тұрғанов — ұлттық парктің директоры

Екі айлық байқау кезінде белгілі болған «құстарға ұя салу», «суреттеу», «көркемсөз оқу», «ән айту» сынды байқаулардың үздіктері де марапатталды. Жалпы, саябақтар шеруі ұлттық бақ құрылғаннан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. 7 жылдың ішінде, жеткен жетістік көп дейді басшылық.

Табиғи саябақ құрылғалы бірде-бір өрт оқиғасы тіркелген емес. Десе де, аптаптан келер қауіп жоқ емес. Ұлттық парктің мамандары осы күннің өзінде тілсіз жаудың алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, демалушылар үшін де көптеген ыңғайлылықтар ойластырылуда.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=QmCqsgJfups[/youtube]