Шетелдік жұмысшылар шекара аспай жатып заң бұзушылықтарға жол береді.Көші-қон саясатының ретсіздігі отандық еңбек нарығына да кері әсерін тигізіп жатыр.Облыста бұл сала әлі күнге реттелмей келеді.ЕҚЫҰ орталығының жергілікті өкілдері ұйымдастырған іс-шарада бас қосқандар осылай деді.
Елші Наталья Зарудная, Призидент кеңесшісі Гүлшара Әбдіхалықова қатысқан алқалы жиын көші-қон саясатын реттеу тақырыбына арналды. Жалпы, бұл салада өзекті сауалдар жетерлік. Айталық, жыл басынан бері облысқа көршілес мемлекеттерден 27 мыңға жуық жұмысшы келген.Олардың басым көпшілігі жеке сектордағы заңсыз еңбекке тартылған. Осыған байланысты 70 тен астам жұмыс берушіге әкімшілік айыппұл салынса, 90-ға жуық жұмысшы сот үкімімен еліне қайтарлыған.ОҚО көші-қон полициясы басқармасының бастығы Балтабек Абылаевтың сөзіне қарағанда арзан жұмыс күшін пайдаланатын жұмыс берушілер еңбек нарығын шиеленістіріп жіберген.Салдарынан белгілі бір мамандығы жоқ бірақ қызметі арзан жұмысшылар білікті мамандарды ығыстырып жатыр.Нәпақа табу үшін келгендер қылмыстық әрекеттерге де жиі барады. Жыл басынан бері шетелдік жұмысшылардың қатысуымен 11 қылмыс тіркелген. Сала мамандары олардың заңды түрде тіркелуінде де қиындықтар бар екенін жасырмайды. Себебі, заңыз еңбекке жегілетін олардың заңды тіркеуге құлқы бола бермейді. Мамандардың сөзіне сенсек, облысқа келетін жұмысшылардың небәрі 20 пайызы ғана құзырлы мекеменің қадағалауында болады.
Семинар аясында халықаралық тәжірибелерге сүйене жасалған арнайы тренинг сабақтар да ұйымдастырылды.Онда жергілікті мамандар көші-қон саясатын басқаруды жетілдіру мақсатында білім-біліктіктерін шыңдады.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=oYvYMYcYm3w[/youtube]