Шымкентте жас қыздарды алдап, тонап келген келіншек қолға түсті. Ол қыздарды оңаша жерге апарып, құлақтарындағы сырғаларын алдап, алған. Орнына сапасызын беріп, кетіп қалады. Осылайша 30-дан астам жас қызды алдағаны анықталып отыр.
Бұл алаяқтық туралы полицейлерге алғашқы шағым сәуір айының соңында түскен. 40 жастағы Шымкент тұрғыны аулада ойнап жүрген 5 жасар қызын бір әйелдің алдап, құлағындағы сырғасын алып кеткені жайында арызданған. Арада бірнеше күн өткенде мұндай шағымдардың саны 10-нан асып кетеді. Тәртіп сақшылары шұғыл іздестіру әрекетін жүргізу кезінде күдікті азаматшаны тұтқындады. Тергеу барысында ол өзіне тағылған айыптарды мойындады. Тергеушілердің мәліметінше, жәбірленушілерге келген шығынның көлемі 1 миллион теңгеге жуықтайды.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=0Y20NthbHIg[/youtube]