Қала әкімдігі тез арада шара көріп, қаладан уақытша жұмыс жасайтын қосымша қоқысхана ашты. Аумағы 12 гектар алаң бұрынғы қоқыс полигонының жанында орналасқан. Бұған дейін бұл жерге де қоқыс тасталған.
Ескі қоқысхананың жерін қайта қалпына келтірумен айналысып жатқан «Ақ ордасы корпорациясы» мекемелерге қалдықтарды тастауға тиым салғандықтан, осындай шешімге келіпті.
Ал осы кезде Шымкент қаласындағы Ақтас-1 шағынауданы маңында салынып жатқан қатты тұрмыстық қалдықты көму палигонының құрылысы биыл бірінші жартыжылдықта ашылатындығы белгілі болды. Облыстық құрылыс басқармасы басшысының айтуынша, құрылысы былтыр басталған жобаның құны 1 млрд. 725 млн. теңге екен.
Оның ішінде мемлекеттік инвестиция есебінде 438 млн. теңге болса, қалғаны яғни, қалдықты өңдеу зауытының құрылысын «Технология-21» ЖШС аяқтауы керек болатын. Алайда, зауыттың құрылысы тоқтап тұр. Уақытында бір жоба болып бекітілгендіктен мемлекет тарапынан бітіп тұрған жартысын пайдалануға бере алмайды. Бірақ, облыстық сессияның соңғы отырысында жоба қайта қаралыпты.
Еркебұлан Дауылбаев, құрылыс басқармасының басшысы:»Жоба сараптама қорытындысынан шыққаннан кейін тиісті жұмыстар атқарылып, аталған күл-қоқыс көму палигоны пайдалануға беріледі. Бұл шамамен 2013 жылдың бірінші жарты жылдығында жоспарланып отыр».
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=p9YSsHGXkZQ[/youtube]