Құрылыс басқармасының басшысы тағайындалды

115

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша  Шымкент әкімінің өкімімен Олжас Тәжібаев қалалық құрылыс басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Олжас Пердебайұлы 1988 жылы 23 тамызда Алматы облысы, Қарасай ауданында дүниеге келген. Қазақ бас-сәулет құрылыс академиясын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — құрылысшы.

Еңбек жолын 2011 жылы «МКО Просто Кредит» ЖШС-інде несие маманы болып бастаған.

2012-2022 жылдары жеке секторда және мемлекеттік органдарда жауапты басшылық қызметтер атқарған.

2022-2023 жылдары Алматы қалалық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болған.