Ерлік ұмытылмақ емес. Шымкенттегі «Мега» орталығы 20-дан астам ҰОС мен тыл ардагерлерін мерекеде арнайы шақырып, ардақтады. Аға буын бөлінген көңілге разы болып, батасын беріп жатты. Осы күні орталыққа келушілер де сый-сияпатка кенелді.
Жасқа толы жанармен қарсы алған мереке. «МЕГА» СО-ның басшылығы ҰОС ардагерлерін ардақтауды дәстүрге айналдырған. Арқа жарқа, ақ дастрахан басында майдандас достар сұрапыл соғыстың сүреңсіз күндерін еске алысты. Солардың бірі Масбуда Нахипова бар жоғы 16 жасында соғыс даласына аттанған.
Масбуда Нахипова, тыл ардагері: «Қиын қыстау кезең еді ол жылдар… Қазіргі ұрпақ сұм соғысты тек кинолардан көріп жүр. Бейбіт заман болсын әлемде. Мега орталығына дән ризамыз. Жыл сайын бізді ұмыстпайды.»
Ардагерлер үшін мұнда майдан әндері шырқалды. Жаныңа жігер берер әндер отты жылдарда жауынгерлердің рухын көтерер күш болған. Мегалықтар ардагерлерге сый сияпат жасап, құрмет көрсетті.
Ардагерлермен қатар «Мега СО-ның келушілері де сыйлықсыз қалған жоқ. Жеңіс күні «Мегаға» келгендерге георгий лентасы тарту етілді.
Сөйтіп, Шымкенттің Мега Орталығы мамыр мейрамдарын ерекше атап өтті. 1-мамырда Қазақстан, Корей, Өзбекстан, Ресей елдерінің шағын елшіліктері әр елдің салтымен таныстырып, ұлттық тағамға толы дастархан жайды. Келушілер «Корона» фабрикасының тоқаштарынан да дәм татты.