Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Жеңіс күнімен құттықтады

100

 

Құрметті қала тұрғындары! Ардақты ардагерлер!

Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн бейбіт өмір мен жарқын болашақ үшін қолға қару алып, қан майданда жауға қарсы жанкештілікпен шапқыншылық жасаған ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі мен батырлығына тағзым ететін қастерлі күн!

Отан үшін отқа түсіп, аман қайтқан майдагерлеріміздің алдында бас иеміз!
Дегенмен, уақыт өз дегеніне жетеді. Жыл өткен сайын Жеңісті жақындатқан ардагерлеріміз бен тылда тер төккен еңбеккерлеріміздің қатары сиреп барады.

Қаламызда бүгінде небәрі 3 соғыс ардагері және 2183 тыл ардагері тұрады.

Жеңіс сыйлаған майдангерлерімізге құрмет көрсетіп, қамқорлық жасау, көңілін аулап, қас-қабағын бағу – біздің азаматтық борышымыз!

Себебі, өскелең ұрпақ аға буынның қаһармандығы пен қайтпас қайсарлығын үлгі тұтып, болашаққа бет түзейді.

Қадірменді соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, құрметті шымкенттіктер!

Сіздерді Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, ұзақ та бейбіт өмір, шаңырақтарыңызға бақ-береке мен ынтымақ тілеймін!