Жол апатынан бір адам қаза тапты

299
Тойота көлігі автобустың артынан соққан

Шымкент түбінде сұмдық жол апаты орын алып, бір адам опат болды. Бұл оқиға кешкі сағат 19-дан 20 минут өткенде, Шымкент пен Ақсукенттің арасындағы жолдың үстінде орын алған.

Тойота көлігі автобустың артынан соққан
Тойота көлігі автобустың артынан соққан

Тасжолдың бойында жеңіл көлік автобустың артынан келіп соғады. Салдарынан Тойотаның рөлінде отырған азамат сол жерде тіл тартпай кетті. Шұғыл жеткен жедел жәрдем дәрігерлері, өкінішке орай, 41 жастағы жүргізушіге көмек көрсете алған жоқ.

Жеңіл көліктің тұмсығының тас-талқаны шықты
Жеңіл көліктің тұмсығының тас-талқаны шықты

Автобустағы жолаушылардың ешқайсысы жарақат алған жоқ. Оқиға елдімекеннің қақ ортасында болғандықтан, сол маңға адамдар көп жиналып қалды.

Автобустағы кондуктордың айтуынша, олар Шымкентте қарай бет алған. Осы жерге келгенде қарама-қарсы тараптан, жолдың қарсы бетінен бір көлік шыға келіпті. Содан бұлар оңға қарай бұрылған. Ал соңдарынан келе жатқан Тойота жылдамдығын бәсеңдетпеген күйі келіп соққан.

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр
Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр

Бүгін белгілі болғандай, жол апатынан қаза тапқан жүргізуші Шымкенттегі уақытша тергеу абақтысының қызметкері болып шықты. Ол осылайша бақытсыз жағдайдың салдарынан 41 жасында мерт болды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Q8APMkD0-9E[/youtube]