Жұқпалы сарыаурудан сақтану үшін тегін вакцина алыңыз

В гепатитіне қарсы егіліңіз
В гепатитіне қарсы егіліңіз
В гепатитіне қарсы егіліңіз

В гепатитінен қорғаныңыз. Шымкент қаласының дәрігер-гепатологтары 15 жастан жоғары 800 адамға тегін егу жасайды. Тізімдегі бұл азаматтар сарыауруға қарсы егуді нәресте күнінде алмағандар. Бельгияның белді компаниясы ұсынған дәрілік препараттарды қала аумағындағы учаскелік емхана қызметкерлері арнайы тізімдегі тұрғындарға егетін болады.

Осылайша бауырдың жұқпалы дертін ауыздықтауға болады деп сенеді дәрігерлер. Тағы ескертеміз, вакцина тегін салынады және иммундық жүйеңізд 15 жылға көтереді.

Еркін Құлманбетов, дәрігер-гепатолог: «Жұқпалы сарыаурудың түрі- созылмалы Вирустық гепатит В деп айтамыз. Бұл халық арасында скрининг жасағанымызда 18 жас пен 50 жас аралығында осы гепатиттің түрі көп кездесіп жатыр. Ол ауру асқынса, цирроз, бауыр рагіне алып келеді. Сондықтан, алдын ала егу жасауды ұйғардық. Біздің елде жаңа туылған балалар мен медицина қызметкерлеріне вакцина жасайды. Ал егер ақылы жасатамын десе, бағасы-6500 теңге. Бұл вакцинаны Белгияда шығарады. Әлемдегі ең жақсы вакцина деп саналады. 18 жастан асқан тұрғындарға тегін егу жасауға қазір мүмкіндік бар. Вакцинаны 3 күн қатар егеді. Біріншісі-қазір салса, екіншісі-1 айдан соң, үшіншісі-6 айдан соң салынады. Барлығы тегін жүргізіледі. Таңғы сағат 7-00 ден кешкі 19-00-ге дейін жұмыс істейміз. Гепатологиялық орталықта демалыссыз егу жұмыстарын жүргіземіз. 24-мамырдан бастап, 31 мамырға дейін жалғасады. Ал Д гепатитіне вакцина жоқ. Бірақ, ескеретін бір нәрсе, В гепатитімен ауырмаған адам Д гепатитімен науқастана алмайды. Яғни, бұл вакцина екеуінің де алдын алады. Кезінде бұл вакцинаны 1980 жылдары әлем ғалымдары қолдаған еді. Сол кездің өзінде егер қазірден вакцина жасасақ 2040 жылы созылмалы гепатит В жол болады. Жастар, балалардың ауырғандары сирек кезедесід. Өйткені, олар туылғанында вакцинацияланған. Бірақ, комсетикалық, гинекологиялық, стамотологиялық кабинеттерде, жыныстық қатынас арқылы гепатит жұғады.  Ал алдын аламыз деген вакцина 15 жылға иммунитет қалыптасады. Ал қарсы көрсетілімі жоқ. Тек дене температурасы жоғары, жүкті әйелдерге вакцина жзасалмайды».