Жас жұбайларға оқ атқан күдікті ұсталды

268
ОҚО ІІД
ОҚО ІІД
ОҚО ІІД

Полицейлер бір ай бұрын Шымкенттегі дендробақта жас жұбайларға оқ атқан 30 жасар күдіктіні ұстады, деп хабарлады ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

11-сәуір күні Әл-Фараби АІІД-нің кезекші бөліміне дендробақта үйлену тойынан кейінгі жас жұбайлардың серуендеуі кезінде оларға белгісіз біреудің оқ жаудырғаны жайлы хабар жеткен.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы 25-30 жасар белгісіз жігіттің травматикалық қарудан жас жұбайларға қарай оқ атқанын анықтайды. Күйеу жігіт 1982 жылы, ал қалыңдығы 1992 жылы туылған екен. Күйеу жігіт пен оның досы атылған оқтан  жарақаттанған. Олар жедел түрде ауруханаға жеткізіліпті.

Бір ай өткен соң осы оқиғаға қатысты 1983 жылы туған облыс тұрғыны ұсталды. Ол өз кінәсін мойнына алыпты.

Тергеу нәтижесі бойынша, қылмысты жасауға оның сүйіктісінің бұрынғы күйеуіне деген ашуы итермелеген көрінеді. Күдікті сүйіктісінің күйеуі оны балаларымен тастап, жас қызға үйленгелі жатқанын естіген ол осындай әрекетке бел буған.

Аталмыш факт бойынша, ҚР ҚК 257 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті УҚА-ға қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.