Шымкентте жол полициясы қызметкерлерінің күшейтілген рейдтері жалғасуда. Оның себебі, кеш түсе салысымен рөлге сыра ішіп отыратын жүргізушілер кездесіп қалады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, таяуда өткен рейд барысында осындай бір факті тіркелді.
Ішінде ерлі-зайыптылар отырған көлік жүрісі күдік тудырған соң полицейлер оны тоқтатпақ болады. Алайда жүргізуші азамат «рөлде мен отырған жоқпын» деп, мойындамайды. Оның әйелі де «көлікті күйеуім басқарды» деп, тәртіп сақшыларын әбден жаңылыстырды. Өздері бұған қоса наркологиялық сараптамаға барудан да, көліктің кілтін беруден де бас тартты.
«Бұл көлікті біз байқап, тоқтатпақ болған кезде осы кафенің алдына бұрыла салды, — деп түсіндіреді инспекторлардың бірі. — Мына азаматтың айтуынша, інісі осы жерге келіп, көлікті айдап кетпек болған. Бірақ, өзінің осы жерге дейін көлікті мініп келгенін мойындамай отыр.»
Көліктің рөлінде отырып алған келіншек айтуынша, өздері отбасымен осы кафеде отырған. Содан кейін үйге қайтпақ болып шыққан сәтте тәртіп сақшылары қоршап алыпты. «Біздің көлігіміздің соңынан ешқандай полиция қызметкері қуған жоқ, оынң себебі, біз осы жерде тұрдық» дейді.
Ақыр соңында жас жігіт көлікті өзі басқарғанын мойындап, наркологиялық сараптамаға баруға да келісімін берді. «Бірақ, мен көлікпен қаланың ортасында жүрген жоқпын, тек, 2 метр жылжып, көлігімді шетке алдым» дегенінен танбай қойды.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=FCnbsgvSNGs[/youtube]