Құрылыстың қарқыны

 

Құрылыстың қарқыны
Құрылыстың қарқыны

Оңтүстікте «Қолжетімді баспана» бағдарламасы аясында бөлінген қаржыны игеру бір айға кешуілдеп жатыр. Бұл туралы облыстың бас құрылысшысы Еркебұлан Дауылбаев жариялады. Оның айтуынша, салынып жатқан үйлердің құрылысына мемлекеттік сатып алу қайталап өткен, себебі байқауға қатысқан мердігерлердің құжаттары дұрыс болмай шыққан. Билік байқаудың нәтижесін күтіп отырғанда, мемлекеттік бағдарламамен үйлі болам деп тізімде тұрғандардың жағдайы қиындап барады.

Махаббат Ізбасарова
Махаббат Ізбасарова

Төрт балалы ана Махаббат Ізбасарова кепе үйді паналағалы 10 жылдың жүзі болыпты. Мамандығы бойынша мұғалім ас-ауқатын біреудің үйін тазалап табады. Тұрғын үй кезегіне тұру керектігін бір-екі ай бұрын естіп, кезекке 4492-ші болып тұрыпты. Шенеуніктер үйге қол жеткізу үшін кемдегенде 10 жыл күту керек депті.  Биліктің табалдырығын тоздырған ана сенуден де қалыпты. Енді көмек бермесе, ашытық жарияламақшы.

Махаббат Ісбазарова: «Баспанадан әбден қиналдым. Төртіншісін босанған кезде квартиардан қуып жіберді. Білмеймін, менің балаларымды жетім деп қана үй беретін болса, өзімнің жанымды қиюға дайынмын».

Дегенмен, облыстағы «Қолжетімді баспанаға» деп бөлінген қаржы игерілмей отыр. Өңіріміз бақандай бір айға қаржыны игеру уақытысын кешеуілдетіп жатыр.

 

Еркебұлан Дауылбаев, ОҚО құрылыс басқармасының басшысы: «Мемлекеттік сатып алу байқауы екі рет өтті. Себебі біріншісінде мердігерлердің құжаттары дайын болмады. Сол себепті де кешеуілдеп қалдық деп ойлаймыз. Бірақ тұрғын үйдің құрылысына деп бөлінген қаржының 50,2 пайызын игердік».

облыстың бас құрылысшысы
облыстың бас құрылысшысы

Шенділер кеткен қателіктің орнын толтырамыз дейді. «Қолжетімді баспана» бағдарламасы аясында жылдың соңына дейін 45 тұрғын үйді қолданысқа бермек. Бұл облыс бойынша баспанаға мұқтаж 14 мыңға жуық тұрғын баспаналы болмақ деген сөз.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=7u5huAYq5WY[/youtube]