Генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың жүлдесіне арналған дода биыл 16 команданың аяқдопшыларын бір шаңырақ астына жинады. 15-16 жастағы аяқдопшылар бес күн бойында жасыл алаңда ала допты қуалап, алтын медальды сарапқа салды.
Өзбекстандық жеткіншектер Шымкенттен жүлдемен қайтуды көздейді. Осы мақсатты іске асыру үшін олар жарыстың ақтық мәресіне дейін жетті.
Нәтижесінде генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың жүлдесіне арналған халықаралық жарыстың ақтық кездесуінде №7 қалалық футбол мектебінің жеткіншектерімен өзбекстандық аяқдопшыларымен таласқа түсті. Жеңгені бірінші орынға көтеріледі. Алайда, қос команда да жеңісті қолдан бермейді, ойынның соңғы минуттарында-ақ чемпион анықталды.
Үшінші орынды өзбекстандықтар қанағат етті. Шешуші матчта олар №7 футбол мектебінің шәкірттерінен басым бола алмады. Күмістен алқаны облыстық футбол мектебінің шәкірттері иеленді. Ал бас жүлдемен Кубок Шымкентте қалды.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=CX072FvVTQc[/youtube]