Бес күннің ішінде ҰБТ еліміздің 155 тест тапсыру орынында өткізілді. Оған 91 240 мектеп бітіруші қатысқан.
Бірнеше рет ереже бұзғаны үшін 31 мектеп түлегі аудиториядан шығарылған. Аудиторияға кіре берісте тыйым салынған 15 083 зат алыныпты. Бүгінгі күнге еліміздегі тест тапсырушылардың орташа балы – 74,3 құрайды.
26 352 мектеп бітіруші түлек 50 балл тиісті межені бағындыра алмады. 125 балл жинап, ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген түлектердің саны жетіге жетті.
Олардың ішінде қаламыздағы №8 мектеп гимназиясының түлегі де бар. Аида Искак 125 балл жинаған алғашқылардың бірі болды.
Шымкенттегі шәкірттер де жексенбі күні М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтында тест тапсырды.
Алдын-ала мәліметтер бойынша, қала мектептерінің 3443 түлегі тестілеуден өткен. Олардың білім көрсеткіші орта есеппен 78, 1 баллды құрап отыр.
Білім деңгейі бойынша, ҰБТ-де ең жақсы көрсеткіш Асар шағынауданындағы 90-шы мектепте. Бұл мектеп түлектері орта есеппен 89, 8 балға қол жеткізген.