Ағынды судың сапасы сын көтермейді

805
тассайдағы ағынды су көзі
тассайдағы ағынды су көзі

Ашық су көздеріне де бақылау қажет. Олар ағынды және шайынды сумен ластанып отыр. Мәселен бір ғана Тассай елдімекеніндегі ағынды судың көлшігі көптің тіршілігіне кедергі болып отыр.

тассайдағы ағынды су көзі
Тассайдағы ашық су көзі

190 орамда орналасқан жасанды көлшікке Тассайлықтардың барлық канализациялық қалдықтары келіп құйылады екен. Ашық су көздерінің бүгінгі ахуалы сала мамандарын алаңдатуда. Олардың айтуынша, лас көлшік жұқпалы аурулардың дендеуіне себеп болуы мүмкін. Ал, жергілікті тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдап бүлдіршіндерін сыртқа шығаруға қорқады екен.

канализациялық ағындылар мен қоқыстар  дан құралған көлшік
канализациялық ағындылар мен қоқыстар дан құралған көлшік

Тассайлықтардың айтуынша, олар  бұл мәселені алғаш рет көтеріп отырған жоқ. Алайда, жергілікті жұрттың жанайқайына құзырлы органдар құлақ асатын емес.

тассайлықтардың жанайқайын еститін жан жоқ
тассайлықтардың жанайқайын еститін жан жоқ

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=MrlD8OO_nYw[/youtube]