Алматы қаласында Оңтүстік Қазақстан облысынан жеткізілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Сенбі күні болып өткен жәрмеңкеге әкелінген өнімдер нарықтағы бағадан 10-15%-ға дейін арзан сатылған.
Жалпы, жәрмеңкеге облыстан құны 66 млн. тенгені құрайтын 210 тоннадан астам өнім жеткізілген.
Оның ішінде: ет өнімдерінің 5 түрінен өнімдер әкелінген. Бул туралы бізге облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жауапты мамандары мәлімет берді.
Нұрбол БЕКМҰРАТОВ, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бас маманы: «Алматы қаласының халқы 2012 жылы күзде өткізген жәрмеңкеге өз ризашылығын білдіргендіктен биылғы жылы қала әкімдігі тағы да қосымша жәрмеңке ұйымдастырып отыр. Көкөніс пен ет өнімдері арзан болғандықтан қала халқы бізді жылы қабылдады. Апарылған 210 тоннадан астам өнім барлығы дерлік сатылды».