Аппеляция түлектердің сенімін ақтамады

383
талапкерлер аппеляцияға үміт артып келген

Ұлттық бірыңғай тестті алғашқы күні тапсырғандардың барлығына жақсы нәтиже серік бола алмады. Сондықтан болар, бүгін тест тапсыру пунктерінде өткен аппеляциялық комиссияға арызданушылардың қарасы қалың.

талапкерлер аппеляцияға үміт артып келген
талапкерлер аппеляцияға үміт артып келген

Бірі білгенінен жаңылса, енді бірінен техникалық қате кеткен. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғимаратындағы пункте  тест тапсырғандардың 40-қа жуығы аппеляцияның көмегіне жүгінсе де қажетті жауаптарын ала алмады. Олардың басым бөлігі «Алтын белгіге» үміткерлер. Көп үміткердің үмітін ақтамаған бір ғана балл.

Гүлжазира Оралханова, ата-ана: «Қызым 111 балл жинады. Бірақ тарихтан жинаған балы 19, екі балл жетпей қалды. Сол себепті де «Алтын белгіні» ақтай алмай тұрмыз. Өкінішті».

Сұрақтар нақтыланып, жіті тексерілді
Сұрақтар нақтыланып, жіті тексерілді

ҰБТ-ның жаңа ережесі бойынша, аппеляция кеңесінің жұмысы бір сағатқа созылған болатын. Яғни, тест тапсырғаннан кейінгі күні, сағат 14:00-ге дейін талапкер ұпай саны бойынша  арыздануына болады. Айта өтейік, оңтүстікте 21 148 бітіруші 3-15 маусым аралығында сынақ тапсырады.

Ал еліміз бойынша 25 756 түлек тест тапсырмақ. Республика бойынша ҰБТ 10-шы рет өткізіліп отыр. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 9 жыл ішінде 1 миллион 240 мың адам қатысыпты.