Елімізде ҰБТ алғашқы ақылы кезеңі өтіп жатыр

Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы кезеңі өтіп жатыр. Шымкентте ҰБТ 4 мекемеде нақтырақ айтқанда, М. Әуезов атындағы ОҚУ, Ө.Жәнібеков ОҚМПУ, Тәшенов және Шымкент университеттеріне өтеді.

Биыл Шымкентте 13 385 түлек мектеп бітіреді. Оның 499-ы алтын белгіге үміткер. Оқушылар ҰБТ-ді өзінің электронды жеке кабинетіне кіріп, өтініш беру арқылы тапсыра алады. Ерекшелігі – тестілеуді тапсырған оқушы нәтижесін ешкімге айтпауға құқылы.

«ҰБТ бір ерекшелігі – баланың құқығында нәтижені бізге айтпауға. Ол бала жоғары немесе төмен балл жинады ма жариялау өзінің еркінде. Әр бала сайтқа кіріп, өзінің логин-паролімен, қалаған уақытына қоюға болады. Сондықтан ол мәліметтер бізге құпия болып келеді. Жалпы тестілеу 4 кезеңнен тұрады. Екеуі ақылы түрде, екеуі аз маусымында сәуір және маусым айларында алынатын ҰБТ яғни, мемлекет есебінен тапсырылатын тестілеу», -деп мәлімдеді Шымкент қаласы білім басқармасының бөлім басшысы Естай Жақаев.