С.Павленко марапат барысы

Арқалағаны алтын, жегені жантақ журналистер қауымына құрмет көрсетілді. Облыстық филармонияда өткен салтанатты шараға облыс әкімі Асқар Мырзахметов қатысып, еңбегі еленгендерді марапаттады.

С.Павленко марапат барысы
С.Павленко марапат барысы

Қолдарынан қаламдары мен микрофон түспейтін тілшілердің бүгінгі көңіл-күйлері көтеріңкі. Жылына бір келетін кәсіби мереке өңір журналистерінің басын қосты. Салтанатты шараның облыс әкімі Асқар Мырзахметов ашып берді.

Еңбегі еленгендер түрлі марапатқа ие болды. Соның ішінде біздің арнаның жаңалықтар қызметінің редакторы Сергей Павленко «Оңтүстікке сіңірген еңбегі » үшін төсбелгісін тағынса, оператор Константин Исупов, «Оңтүстік Рабат» газетінің редакторы Жамиля Мамырәлі облыс басшысының грамтосына ие болды. Ал жас тілші Даурен Абдраманов оңтүстіктегі «Үздік экономика сарапшысы» номинациясына лайық деп табылды.

Даурен Абдраманов
Даурен Абдраманов

Даурен Абдраманов, «Оңтүстік Рабат» газеті редакторының орынбасары: «Еңбегімді елеген шығар деп ойлаймын. Барлық әріптестері төл мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық, отбасына амандық тілеймін».

Шынар Оразова
Шынар Оразова

Мойындау керек, журналист-адал еңбектің иегері. Уақытпен санаспай қоғамның дамуына үлес қосатын жандарға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Үнемі әлеуметтік мәселелерді көтеріп, ыстық пен суыққа шыдай білген тілшіміз Шынар Оразова облыстық мәслихаттың алғыс хатына ие болды.

Айжан Ермекқызы
Айжан Ермекқызы

Шынар Оразова, «Отырар» телеарнасының тілшісі: «Жастарға үнемі шынщыл болсын дегім келеді. Ол үшін іздену керек, білімді әрі білікті болуы тиіс. Мен үнемі ізденісте жүремін. Жастарға да осыны тілеймін».

Темірғали  Усманов
Темірғали Усманов

Марапатқа «Оңтүстік Рабат» газетінің тілшілері Айжан Ермекқызы, Мақпал Рысбаевалар да ие болды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=O8_waEnQ3CI[/youtube]