Аптаған ыстық оңтүстікқазақстандықтарды әбігерге түсіргеніне он күннен асты. Алайда шілде бүгін түсті. Оның ыстығы 40 күнге созылатындықтан, қазақтарда «қырық күн шілде» деген сөз бар. Маусым айының 25 жұлдызынан тамыздың 5-не дейін күн өте ыстық болады. Бұл күндерді «Ұлы шілде» дейді.
Шілде — парсының «Чіллә», яғни қырық деген сөзінен шыққан. Сол себепті болар, шілдеде 40 күн ыстық болады деген пікір қалыптасқан халық арасында. Шілденің шіліңгір күніне алдын-ала дайындалатындар да бар екен. Бірақ, біздің қаланың тұрғындары шілденің жайдары өтетініне сенімді.
Күннің ыстығынан қан қысымы көтерілетіндер көп. Солардың бірі-Венера Елтаева. Дәрігерлердің қадағалауының арқасында аман жүрген жанға қырық күн шілде жақпайды.
Венера Елтаева, қала тұрғыны: «Ыстықта шыдай алмаймын. Демалуымда қиын. Бірден қан қысымым көтеріліп кетеді».
Рас, аптаған ыстық адамдардың басын ауыртып, қысымын көтереді. Түрлі ауруларды қоздырады. Әсіресе, жүрегі ауыратындарға қиын.
Гүлсім Ахметова, кеңестік-диагностикалық емхананың бөлім меңгерушісі: «Қан қысымы жоғары, жүрегі ауыратын адамдардың жанында дәрі-дірмегі болғаны жөн. Сусыз көшеге шығуға болмайды. Сұйықтықты көп қолдану қанның қоюлап кетуінің алдын алады. Таңертең және кешкі салқында серуендегендері дұрыс».
Ал ауа-райын болжаушылар болса, шілдеде күн қоңыр салқын болмайды. Ыстық әрі 32-38 температураның арасында болады деп отыр. Күнде құбылатын ауа-райына да сенім жоқ. Сондықтан күннен сақтанып, жалаң бас жүрмеуге, үнемі ауызсуыңыз бен дәрі-дәрмегіңізді жаныңызда ұстауға кеңес береміз.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=FFQOMrU21LE[/youtube]