Түркістан мен Шымкентте 1-шілдеде ең ыстық ауа температурасы тіркелді

677
Шымкентте шіліңгір шілде

Қазгидромет мамандары шілденің бірінші күні Түркістан облысы мен Шымкентте ең ыстық күн болады дейді.

Синоптиктердің болжамы  бойынша,  Түркістан, Бәйдібек ауданы мен Созақ ауданында ауа температурасы 45 градустан асады. Шымкентте сынап бағанасы 41 градустан жоғары болады.Түркістан Өткен жексенбі күні Қызылқұм, Түркістан мен Шаянда сынап бағанасы 40-42 градустан асқан. Өңір бойынша орта температура +37…+42 градус. Ең салқын ауа температурасы Төлеби ауданындағы Шуылдақ стансасында кеше күндіз +23 гардус жылы болса, түнде +14 градус 0-ден жоғары болған. Төлеби, Түлкібас ауданында  сынап бағанасы +32…+36 градус аралығында, Түнде +24 градус.

Салтанат Қоныс, инженер-синоптик

Салтанат Қоныс, инженер-синоптик: «Ертең түске дейін ыстық ауа сақталады, ауа температурасы +37…+40 градус ыстық, түстен кейін өңіріміздің кейбір жерлерінде  өткінші жауын, найзағай ойнап, шаңды  дауыл тұрады. Оның жылдамдығы 15-20 м/сек. Алайда 3-шілдеде ауа температурасы қайта ысиды. Бұл Солтүстік-батыс фронтының әсері».

Шынар Оразова