Көзі нашар көретіндерге арналған кітапхана жарымжан жандарға арнап облыстық байқау ұйымдастырды. Шымкенттік жанұялар арасында іріктеу турынан үш отбасы өтті.
Шаңырағында береке тұрақтаған Гүлсара мен Есенғали үй шаруашылығымен айналысады. Кішкентай қыздары Сабинада ата-анасының қолқанаты. Алайда қос жұптың көкірегінде мұң бар. Отағасы Есенғалидың және жары Гүлсараның көз жанарлары мүлдем көрмейді. Дегенмен, көзбен көрмегенді жүрекпен сезуге болады дейді олар.
Гүлсара Қаттабекова, байқауға қатысушы: «Көзі нашар көретіндерге арналған барлық байқаулардан біз құр қалмаймыз. Кітапхана мұндай шараларды жиі ұйымдастырады. Біз үшін өте қызық. Жеңіске жетуге тырысамыз.
Іріктеу турында жеңіске жету үшін мақал-мәтелден жарысып, белгілі қазақ ақыны Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін жатқа оқу керек және бсқа да сындардан сүрінбей өту қажет.
Бәкір Нұрманбетов, облыстық мамандандырылған кітапхана директорының орынбасары: «Байқауға барлық аудандардан қатысушылар келді. Көзі нашар көретін жандар өз аудандарында іріктеуден өткендер. Енді байқау Шардара мен Мақтарал қалаларында жалғасын таппақ.
Үздіктер қазан айында өтетін облыстық байқауда өзара сынға түсетін болады.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=AcE-MLMCH6c[/youtube]