Батыс-Еуропа Батыс-Қытай тас жолындағы былықтар

Бұл ауқымды құрылыстың керек-жарағы Шалдар елдімекеніне қарасты карьерден заңсыз жеткізіліп жатыр

 

Бұл ауқымды құрылыстың керек-жарағы Шалдар елдімекеніне қарасты карьерден заңсыз жеткізіліп жатыр
Бұл ауқымды құрылыстың керек-жарағы Шалдар елдімекеніне қарасты карьерден заңсыз жеткізіліп жатыр

Батыс-Еуропа Батыс-Қытай тас жолының іргетасын қалауға қолданылып жатқан топырақ пен шағал тастың сапасын арнайы сараптамадан өткізу керек. Себебі, бұл ауқымды құрылыстың керек-жарағы Шалдар елдімекеніне қарасты карьерден заңсыз жеткізіліп жатыр. Мұны осы маңдағы тұрғындар айтады.

Шалдар елдімекені тұрғындарының жан айқайы орынды. Өзін кәсіпкермін деп таныстырған азамат шаруа қожалығына бөлінген жерді қазып алып, сатып жатыр деген сөздерінде жан бар. Мұны шынжыр доңғалақты тізгіндегендер де мойындап тұр.

Бұл аумақ Бәйдібек ауданының аумағынан алыс емес. Бірақ Арыс қаласына қарайды. Тас алуға тапсырыс беруші «Фердауси» ЖШС -гі. Қазылған топырақ пен шағал тасты Батыс Еуропа Батыс Қытай магистралын салушы «Сенахайдар» мекемесіне жеткізіп жатыр. Алайда құрылысқа қолданылып жатқан материалдардың сапасы зертханаларда тексерілмеген дейді мамандар.

Енді бұл заңсыздықпен құзырлы мекемелер айналысатын болады. Ал ОҚО өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы жер қойнауы байлығын пайдалану заңына қырын қараған 30-дан астам кәсіпкердің келісімін кері қайтармақ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=V4AfB8I6TB0[/youtube]