Кенеден келер қауіп жоқ

Кенеден залалсыздандыру жұмыстарына бөлінген қаржының барлығы игерілген
Кенеден залалсыздандыру жұмыстарына бөлінген қаржының барлығы игерілген
Кенеден залалсыздандыру жұмыстарына бөлінген қаржының барлығы игерілген

Кенеден келер қауіп жоқ. Мұны Оңтүстіктің ветеринарлары да растап отыр. Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары мерзімінен кеш басталғанымен, жоспар толығымен орындалған.

Бұл дегеніңіз кенеден кесел келмейді. Төрт түлік толығымен тоғытылған. Нақтыласақ, 1 млн. ірі қара, 4 млн. уақ мал залалсыздандыру шарасынан өткен. Яғни қазынадан бөлінген 400 млн. теңге толығымен игеріліп отыр.

Былтыр 2700 адамды кене шақса, биылғы көрсеткіш 2600-ді құрайды.

Базарбек Омаров, ОҚО ауылшаруашылығы басқармасы ветеринария бөлімінің басшысы: «Өздеріңіз білесіздер, Шымкент қаласында үш аудан бар. Сол үш ауданнан адамдар көп жиналады да, тіркелу көп болатын. Былтыр да көп адам тіркелген. Ал биылғы тіркелу, он күн болды, азая бастады. Бірақ бұған дейін тіркелу көп болған Шымкентте. Мәселен, былтыр 620 тіркелсе, қазіргі таңға 600 адам кене шағумен тіркеліп отыр. 20 адамға азайды».