Кеңес кезінде жердің әр гектары үшін 70-80 текше метрден су алынса, қазір оның көлемі 2 есеге қысқарған. Мақтадан бөлек, бақша дақылдары да соңғы кездері көптеп егіліп жатқан аймаққа судың қадірі артып тұр.
Ибадулла ҮМБЕТАЕВ, Мақта шаруашылығы ғылыми — зерттеу институтының директоры: «Су үнемдеу, қор үнемдеу жайын шешпесек, кейін кеш болады. Міне көріп отырмыз өткен жылғы анализдерді алып көрдім. 1980-90 жылдары бірінші маусымға 70-80 текшеметрден су алғанбыз. Ал қазір 30-35-тен аспайды. Бақша Мақтарал ауданында былтырғыдан да көбейген. 30 мың гектар төңірегінде. Мұндай бірінші рет болып отыр. Облысымызда 40 мыңнан астам бақша егіліп отыр. Бұл өте жақсы мақта саласын әртараптандыру бағытында. Бірақ су жеткіліксіз болып тұр қазір. Соған байланысты зиянкестер де үймелеп жатыр. Қауын шыбыны да, басқа да. Су үнемдеу технлогиясын енгізсек, бұл мәселенің барлығы да түгел шешілмесе де біраз жеңілдер еді.
Мақтаралдағы мақтаның егілгеніне 40 күннен асты. Әзірге, зиякестерден қауіп төніп тұрған жоқ. Шаруалар, судың қадірі бұлай арта берсе, таяуда түрлі зиянкестерден көз ашпай қалуымыз мүмкін деп қауіптенеді. Бұрындары, құрт-құмырсқаның бетін ары қарату үшін зауыттар көмек беретін. Қазір оның аулы да алыстаған. Сондықтан, жеке меншік зауыттар азайсын дейді.
Түркістан, Шардара және Мақтаралдың шаруалары бас қосқан жиында өзге де мәселелер талқыланды. Оларды қазірден алаңдатаныны — мақта бағасының тұрақсыздығы. Былтыр ақ алтынның келісі 75 теңгенің төңірегінде болған. Бұл соңғы бес жылдағы ең төмен баға. Ауылшаруашылық вице-министріне осы жайды шешіп бер делінгенімен, мақта құнының ливерпуьдегі жағдайға байланысты болатыны түсіндірілді. Осылайша, мақтаның болжамды бағасы әзірге шыққан жоқ.