Сайрам ауданында малшыны өлтіргендер ұсталды. Марқұмның денесі жолдың шетінен табылған. Полицейлер қаза болған азаматтың бұрын сотты болған Шымкент қаласының 30 жас шамасындағы тұрғыны екенін анықтады.
Белгілі болғаны шаруашылық иесінің баласы және екі жұмысшы төртеуі бірігіп ішімдік ішкен. Көп ұзамай араларында жанжал туып, күдікті қаруды алып жәбірленушінің басынан атып жібереді. Содан кейін қаза болған азаматты олар кілемге орап, тас жолға әкеп өртеген. Қазір қылмыстық іс қозғалды.
Айта өтейік күдіктілердің бірі Ресей азаматы. Елімізге заңсыз кіргені аздай, осындай кейбір келімсектер ішімдік ішіп алып еңбекке араласып жүр. Бұны арнайы «Мигрант» рейдтік шарасы кезінде полицейлер анықтады.