Оңтүстіктің қоржыны Азия чемпионатының жүлдесімен толығатын болды

252
семсерлесу - қымбат спорт түрі

Шымкенттік жастар халықаралық аренада топты жарудан үмітті. Орталық стадионның шағын ғана залында жаттығуын жүргізген  жерлестеріміздің төртеуі Азия чемпионатына дайындалуда. Жансерік Тұрлыбеков, Ералы Тленшиев, Юрии Бидорев және Жансая Серікбаева аспан асты еліне жол тартады.

семсерлесу - қымбат спорт түрі
семсерлесуден екі бірдей байрақты дода өткелі жатыр

Ералы Тленшиев, семсерлесуден спорт шебері: «Дайындығымыз жақсы. Бір 90 пайызға дайынбыз деп айтуға болады. Дегенмен, бұл жолғы додада Корея, Жапон және алаң қожайындары мықты қарсыластық көрсетеді. Оларды тізе бүктірсек жүлде қоржында деуге болады».

Сондай-ақ, тағы екі жерлесіміз Бүкіләлемдік студенттер Универсиадасына да дайындалуда.  Бұл жарысқа жерлестеріміз алғаш рет барғалы тұр. Сол себепті олардың алдына нақты жоспар қойылып отырған жоқ. Бұл жолы тәжірибе жинақтау қажет.

 

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=KPgPoBwu3AQ[/youtube]